«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, табиғатты аялауға үндейтін маңызды жоба. Әсіресе, ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстары ауданның экологиялық ахуалын жақсартып, елді мекеннің көркін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Соңғы уақытта ауданымызда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшет отырғызу, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұндай игі шараларға жастардың, еріктілердің және тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Өйткені табиғатқа жанашырлық – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі.
Таза аула, жасыл желекке көмкерілген көше мен көрікті мекен – бір күнде қалыптаспайды. Ол – көпшіліктің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, ағаш егу сияқты игі істерге әрқайсымыз үлес қоссақ, туған өлкеміз одан әрі көркейе түседі.


