Тазалық - әр адамнан басталады

Сурет ғаламтордан

 

Қазақстан бойынша жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы – тек сенбілік немесе тазалық акциясы ғана емес, ол қоғамның мәдениеті мен санасының өзгеруіне бағытталған маңызды қадам. Тазалық – өркениетті елдің айнасы. Көшенің, ауланың, табиғаттың таза болуы әр азаматтың жауапкершілігі мен туған жерге деген жанашырлығын көрсетеді.

Бұл бастама арқылы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды еңбекке және табиғатты аялауға тәрбиелеу секілді маңызды құндылықтар насихатталуда. Әсіресе ауыл-аймақтарда, елді мекендерде, саябақтар мен өзен-көл маңында жүргізілген тазалық жұмыстары халықтың белсенділігін арттырып, ортақ іске жұмыла білуге үндеді.

«Таза Қазақстан» – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ ұрпақтың қамы. Табиғатты таза сақтау арқылы біз келер ұрпаққа көрікті де жайлы орта қалдырамыз. Сондықтан тазалықты тек акция кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру маңызды. Әр адам өз ауласын, көшесін, туған өлкесін таза ұстауға үлес қосса, еліміздің де келбеті көркейе түседі.

 

Қосай ИСЛАТ,

мұнайшы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT