Тазалық - әр азаматтың абыройы

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғаумен бірге адам бойындағы жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыратын маңызды бастама. Тазалыққа бейжай қарамайтын адам өз еліне де, табиғатына да құрметпен қарайды. Сондықтан бұл идеяны тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде ұстануымыз қажет.

Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаштарды қорғау, суды ысырап етпеу, қоғамдық орындарды таза сақтау – қарапайым көрінгенімен, үлкен нәтижеге жеткізетін әрекеттер. Осындай әдеттер қоғамның мәдениетін көтереді.

Меніңше, «Таза Қазақстан» әр азаматқа «Елім үшін мен не істей аламын?» деген сұрақ қоюы керек. Өйткені елдің тазалығы тек арнайы қызметкерлерге емес, барша халыққа ортақ жауапкершілік. Тазалық – сыртқы көрініс емес, адамның ішкі мәдениетінің айнасы.

 

Е.ЗИНЕДЕНОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT