«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, адамның күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, тазалықты сақтау сенбілік немесе арнайы акция кезінде ғана орындалатын іс болмауы керек. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналғаны дұрыс.
Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, суды және электр энергиясын үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға қосылған үлес болып саналады. Егер әр азамат өзінен бастап тазалыққа жауапкершілікпен қараса, қоғамның экологиялық мәдениеті де біртіндеп өзгереді. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін мәдени бастама деп есептеймін.
Амангелді САБИЕВ


