Тазалық – әр азаматтың меншікті мәдениеті

ашық дереккөзден

 

Қоғамның тазалығы – сол қоғамдағы адамдардың мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы әрбір азаматты туған жерін құрметтеуге және қоршаған ортаны таза ұстауға үндейді. 

Қаламыздың немесе ауылымыздың әдемі болуы тек мемлекеттік жұмыстарға ғана емес, әр адамның іс-әрекетіне де байланысты. Мысалы, қоқысты жерге тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатты қорғау – мәдениетті адамның белгісі.

Менің ойымша, тазалыққа деген құрмет отбасынан және мектептен басталуы қажет. Әр азамат осы қағиданы ұстанса, еліміз таза, жасыл әрі өмір сүруге қолайлы мемлекетке айналады. Таза Қазақстан құру – барлығымыздың ортақ мақсатымыз!

 

Б.САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT