Тазалық – өркениетінің көрсеткіші

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалық – кез келген мемлекеттің мәдениеті мен өркениетінің көрсеткіші. Айналамыздың таза болуы ең алдымен адамдардың өзінен басталады. Егер әрбір азамат қоқысты белгіленген орынға тастап, қоғамдық орындарды бүлдірмей, табиғатты қорғауға өз үлесін қосса, еліміздің барлық өңірі көркейе түсер еді.

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының басты ерекшелігі – халықты бір мақсатқа жұмылдыра білуінде. Сенбіліктерге қатысу, ағаш отырғызу, аулаларды тазалау, өзен-көлдердің жағасын қоқыстан тазарту сияқты жұмыстардың барлығы қоғамға оң әсер етеді. Мұндай іс-шаралар адамдардың бір-бірімен ынтымақтастығын күшейтіп қана қоймай, жастарға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолына айналады. Әсіресе жас ұрпақ табиғатты қорғаудың маңызын бала кезінен түсінуі керек.

Таза әрі көрікті Қазақстанды қалыптастыру тек мемлекеттік мекемелердің немесе арнайы қызметтердің міндеті емес. Бұл – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан әр адам өз үйінің, ауласының, көшесінің тазалығына немқұрайлы қарамай, табиғатқа жанашырлықпен қарауы қажет. «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі бастама.

 

Б.БАҚТЫҒАЛИҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT