«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — қоршаған ортаны қорғауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Менің ойымша, тазалықты сақтау тек көшелерді сыпырумен немесе қоқысты жинаумен шектелмеуі керек. Ең бастысы — әр адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгеруі қажет. Мысалы, қоғамдық орындарда қоқыс қалдырмау, суды үнемдеу, ағаштарды күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен нәтижеге жеткізеді.
Табиғатты қорғау үшін міндетті түрде ауқымды шараларға қатысу шарт емес, күнделікті әдеттерді өзгертудің өзі жеткілікті. Егер әр азамат өзінен бастап тазалыққа мән берсе, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түседі. Сондықтан бұл тұжырымдаманы уақытша науқан емес, өмір салтына айналдыруымыз керек.
А.МЕЙРАМҚЫЗЫ



