«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — қоршаған ортаны тазартуға ғана емес, әр адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, тазалықты сақтау бір күндік науқанмен шектелмеуі керек.
Әр азамат күнделікті өмірінде қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу және айналасын таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттерге мән бергені жөн. Себебі үлкен өзгерістер кішкентай қадамдардан басталады. Табиғатқа жанашырлық таныту арқылы біз туған жеріміздің көркеюіне үлес қосамыз. Таза орта — саналы қоғамның белгісі.
С.ҚАЙЫР



