«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты қорғау тек сенбілік өткізу немесе көшедегі қоқысты жинаумен шектелмейді. Ол әр адамның күнделікті өмірдегі әдетінен, қоршаған ортаға деген көзқарасынан басталады. Мысалы, қоқысты арнайы орынға тастау, суды үнемдеу, ағаштарды күтіп-баптау және қоғамдық орындарды таза ұстау – табиғатқа жасалған үлкен қамқорлықтың қарапайым үлгілері.
Менің ойымша, таза қоршаған орта қалыптастыру үшін әр азамат өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі керек. Егер әр адам тазалықты өзгеден талап етпей, алдымен өзінен бастаса, қоғамда экологиялық сана біртіндеп қалыптасады. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасына жасалған инвестиция. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын уақытша науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет.
А.СЕРІКҚЫЗЫ



