«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, тазалықты тек көшелер мен қоғамдық орындарды жинастыру деп түсінбеуіміз керек. Оның мәні — табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және өз әрекетімізге жауапкершілікпен қарау.
Мысалы, қоқысты арнайы орынға тастау, суды үнемдеу, ағаштарды қорғау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Егер әр адам табиғатты қорғауды өзінен бастаса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түсер еді. Сондықтан «Таза Қазақстан» — бір күндік сенбілік емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс құндылық.
Г.ИСАТАЙҚЫЗЫ



