Тазалық – табиғаттан басталып, санаға ұласатын құндылық

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазалауға ғана бағытталған бастама емес, қоғамның экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға арналған маңызды тұжырымдама. 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамада экологиялық ойлау мен жауапты мінез-құлықты дамыту, экологиялық білім беру және халықты ақпараттандыру негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген.

Менің ойымша, «Таза Қазақстанның» ең маңызды ерекшелігі – тазалық ұғымын адамның күнделікті мәдениетімен байланыстыруы. Таза көше, жасыл аула немесе қоқыссыз табиғат өздігінен пайда болмайды. Оның артында әр адамның қарапайым әрекеті: қоқысты жерге тастамау, ағашты сындырмау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау тұр. Сондықтан елдің тазалығы ең алдымен әр азаматтың өзінен басталады.

Тазалықты тек сыртқы көрініс деп қабылдауға болмайды. Ол – тәртіптің, жауапкершіліктің және Отанға деген құрметтің белгісі. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» қоғам мен мемлекетті ортақ мақсатқа жұмылдыратын жалпыұлттық жоба ретінде қарастырылады.

Мен «Таза Қазақстанды» болашаққа жасалған инвестиция деп бағалаймын. Себебі бүгін табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетке мән берсек, ертеңгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз. Таза ел болу – тек айналаны емес, ең алдымен өз санамызды тазартудан басталады.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT