«Тазалық – табиғатты емес, сананы өзгертуден басталады»

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қоқыстан тазарту ғана емес, әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды бастама. 

Таза әрі көрікті орта адамның көңіл-күйіне де, өмір сапасына да оң әсер етеді. Егер әр азамат көшеге қоқыс тастамай, ауласын таза ұстап, табиғатты қорғауға өз үлесін қосса, қоғамда үлкен өзгеріс болады.

Менің ойымша, тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Себебі туған жерге деген құрмет оның тазалығынан көрінеді.

 

Г.ӨТЕУ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT