Жылы маусымның келуімен Қазақстан тұрғындары бос уақытын табиғат аясында – демалыс орындарында, саябақтарда, өзен-көлдердің жағасында жиі өткізе бастайды. Пикник жасау, туристік сапарларға шығу және отбасымен демалу жаз мезгілінің ажырамас бөлігіне айналады. Алайда табиғатқа шығумен бірге демалыс орындарында қалатын қоқыс мәселесі де өзекті бола түседі.
Пластикалық бөтелкелер, пакеттер, бір реттік ыдыстар, шыны қалдықтар табиғаттың көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Кейбір қалдықтар ұзақ жылдар бойы жойылмай, топырақ пен су көздерін ластайды. Ал шыны бөтелкелер адамдар мен жануарларға қауіп төндіріп, ыстық күндері өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Демалыстан кейін әр адам өзінен кейін қалған қоқысты жинап, арнайы орындарға тастауы керек. Бұл – табиғатқа деген құрметтің және азаматтық жауапкершіліктің белгісі.


