Тазалық — тал бесіктен басталады

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен адамның тәрбиесі мен күнделікті әдетінен басталады. Көшені таза ұстау, ағаштарды қорғау, суды үнемдеу және қоқысты белгіленген орынға тастау — қарапайым әрекеттер болғанымен, олардың қоғам үшін маңызы зор.

Әсіресе, жас ұрпаққа табиғатты аялауды кішкентай кезінен үйрету қажет. Бала үлкендердің іс-әрекетіне қарап өседі. Егер ата-ана мен ұстаздар тазалықты сақтаудың үлгісін көрсетсе, балалар да қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Балабақша мен мектептерде экологиялық тәрбиеге арналған іс-шаралар, ағаш отырғызу және сенбіліктер жиі ұйымдастырылғаны дұрыс.

Менің пікірімше, таза ел болу үшін бір реттік шаралармен шектелмей, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек. Өйткені табиғатты қорғау — болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз. Әр адам өз ауласынан, өз көшесінен бастаса, еліміздің де көркейе түсері анық.

 

Л.ӘДЕТОЛЛАҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT