Менің ойымша, «Таза Қазақстан» бастамасы әр адамның тазалыққа деген көзқарасын өзгертуге ықпал етеді.
Тазалық тек көшені сыпыру немесе қоқысты жинаумен шектелмейді, ол адамның мәдениеті мен тәрбиесін де көрсетеді. Егер әрбір азамат қоғамдық орындарда тазалық сақтап, айналасына жауапкершілікпен қараса, еліміз әлдеқайда көркейе түсер еді.
Сондықтан тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Таза орта қалыптастыру әрқайсымыздың өзімізден басталады.
Н.КЕНЖЕҒАЛИЕВА



