«Таза Қазақстан» — қоршаған ортаны қоқыстан тазартумен ғана шектелмейтін, әр адамның күнделікті мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Менің ойымша, туған жерге деген сүйіспеншілік ең алдымен оның табиғатына жанашырлықпен қараудан басталады. Көшеге қоқыс тастамау, ағаштарды қорғау, суды және электр энергиясын үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске жол ашады.
Таза әрі көрікті елді тек мемлекеттік мекемелер емес, қоғамның әрбір мүшесі қалыптастырады. Сондықтан «Таза Қазақстан» әр азаматты өз ауласына, көшесіне, ауылына немесе қаласына жауапкершілікпен қарауға шақыратын ортақ құндылық болуы керек. Тазалықты бір күндік акция емес, тұрақты өмір салтына айналдырсақ, болашақ ұрпаққа табиғаты көркем, экологиялық мәдениеті жоғары Қазақстан қалдырамыз.
Н.ҚҰРМАШҚЫЗЫ



