Тазалық өзімізден бастау алады

«Таза Қазақстан» жобасы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды әрі қажетті бастама. Бұл жоба халықтың табиғатқа деген жанашырлығын оятып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда тазалық мәселесі тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әрбір азаматтың саналы әрекетіне байланысты. Осы орайда, «Таза Қазақстан» жобасы адамдарды біріктіріп, ортақ мақсатқа жетелейтін тиімді құрал болып отыр.

Жобаның басты артықшылығы – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруы. Егер әр адам қоқысты бейберекет тастамай, айналасын таза ұстауды әдетке айналды

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT