Тазалықтан басталған тәртіп – қоғамды өзгертеді

сурет ғаламтордан

 

«Таза Қазақстан» ұғымын тек сенбілік өткізу немесе көшені қоқыстан тазарту деп түсінуге болмайды. Оның мәні әлдеқайда терең. Тазалық – тәртіптің, ал тәртіп – жауапкершіліктің бастауы. Айналасына ұқыпты қарайтын адам қоғамдық орындарды да құрметтейді, табиғатты да қорғайды.

Бүгінде бұл бастама қоғам мүшелерін ортақ іске жұмылдыратын маңызды құндылыққа айналып келеді. Мемлекет пен халықтың бірлескен әрекеті арқылы қалалар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және қоршаған ортаны жақсарту жұмыстары жүзеге асуда.

Менің ойымша, «Таза Қазақстанның» ең үлкен нәтижесі – адамның санасын өзгерту. Егер тазалық әр азаматтың әдетіне айналса, еліміздің келбеті де, қоғамдағы мәдениет те өзгереді. Сондықтан таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет.

 

А.СҮНДЕТҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT