Тазалықты шара емес, күнделікті әдетке айналдыру

сурет ғаламтордан

 

«Таза Қазақстан» ұғымын тек сенбілік өткізу немесе көшедегі қоқысты жинаумен шектеуге болмайды. Меніңше, оның ең маңызды нәтижесі – адамның күнделікті әдетінің өзгеруі.

Мысалы, дүкенге барғанда бір реттік пакеттен бас тарту, қоқысты сұрыптау, суды босқа ағызбау, ауладағы ағашты күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен экологиялық мәдениетті қалыптастырады. 

Тазалыққа жауапкершілік бір күндік акция кезінде емес, адам ешкім бақыламай тұрған сәтте де көрінуі керек. Сондықтан «Таза Қазақстанның» басты жетістігі жиналған қоқыстың көлемімен емес, қалыптасқан жаңа әдеттермен өлшенуі тиіс. Табиғатты қорғау әр азаматтың өмір салтына айналған кезде ғана бұл бастаманың мақсаты толық орындалады.

 

Н.КЕНЖЕҒАЛИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT