Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Заң үстемдік құрған жерде әділдік орнап, азаматтардың құқықтары қорғалады, ал қоғамдық тәртіп сақталған ортада адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан заңға құрметпен қарау – әрбір азаматтың маңызды міндеті.
Бүгінде заң мен тәртіп қағидаты тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығына айналуы тиіс. Өйткені тәртіпті қоғам әр адамның жауапкершілігінен басталады. Қарапайым ережелерді сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау – заңға деген құрметтің нақты көрінісі.
Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда өзара сенім мен түсіністік қалыптасады. Мұндай ортада жастар да заңды сыйлап, өз міндеттері мен құқықтарын терең түсінеді. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Заң мен тәртіптің сақталуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді. Себебі заң үстемдігі қамтамасыз етілген жерде әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттары орнығады. Бұл қоғамның әр саласының тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның басты белгісі. Заңды құрметтеу арқылы біз мемлекетіміздің дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және келер ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосамыз. Сондықтан заңға бағыну – тек міндет емес, елге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Әділхан Зинеденов,
Дәрігер

