Түркі әлемінің бірлігі – ортақ тарих пен жарқын болашақтың көрінісі

 

Астанадағы «Бештепе» саябағында Түркі әлемі аллеясының ашылуы – бауырлас халықтардың тарихи тамыры мен рухани сабақтастығын айшықтайтын маңызды мәдени оқиға. Бұл бастама түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтып, ортақ құндылықтарымызды келер ұрпаққа танытуға бағытталған.

Әсіресе, қазақтың киіз үйі, «Сақ аңшысы» мүсіні мен көне Орхон жазбаларының көпшілік назарына ұсынылуы ерекше мәнге ие. Өйткені бұлар – халқымыздың терең тарихын, бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен өркениеттік мұрасын танытатын асыл қазыналар.

Түркі халықтарын біріктіретін күш – ортақ тарих, ортақ тілдік және рухани жақындық, өзара құрмет пен бауырластық. Осындай мәдени бастамалар халықтар арасындағы достықты нығайтып, түркі дүниесінің халықаралық кеңістіктегі байланысын дамытуға жол ашады.

Тарихы ортақ түркі халықтарының ынтымағы артып, рухани мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT