Тұрмыстық жанжал - қоғам мәселесі

 

Тұрмыстық жанжал – отбасының берекесіне ғана емес, жалпы қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды мәселе. Күнделікті өмірдегі түсініспеушілік, ашу-ыза немесе бір-бірін тыңдамау үлкен жанжалға ұласуы мүмкін.

Сондықтан кез келген мәселені күш қолдану арқылы емес, сабырлы әңгіме мен өзара түсіністік арқылы шешуге ұмтылған жөн. Әсіресе отбасындағы балалардың психологиялық жағдайына мұндай жанжалдардың әсері болуы мүмкін.

Әр отбасы мүшесі бір-бірінің ар-намысы мен құқығын құрметтеп, қиын жағдайда дер кезінде көмекке жүгінуді білуі қажет. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – берік отбасы мен қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды бөлігі.

 

Г.ЖАЙЛЫБЕКҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT