Тұрмыстық жанжал — бір отбасының ғана мәселесі емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселе. Отбасындағы түсініспеушілік дер кезінде шешілмесе, оның арты ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сондықтан әр шаңырақта өзара сыйластық, сабырлылық және жауапкершілік болуы маңызды. Әсіресе жанжал кезінде мәселені күшпен емес, диалог арқылы шешуге ұмтылған жөн.
Қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет. Берік отбасы — қауіпсіз қоғамның негізі.



