Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтыншы әйел – физикалық, әрбір үшінші әйел – психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді.
Адамзат қоғамында зорлық-зомбылықтың түбірінде мǝдени, ǝлеуметтіĸ жǝне эĸономиĸалық фаĸторлар жатқандықтан, бұл мǝселені шешу үшін қоғамның ǝрбір мүшесінің, соның ішінде отбасының, меĸтептің, мемлеĸеттіĸ органдардың жǝне үĸіметтіĸ емес ұйымдардың белсенділігі қажет. Зорлық-зомбылықты жою – теĸ заңнамалық шаралармен ғана шеĸтелмей, ǝлеуметтіĸ жауапĸершіліĸті арттыру жǝне қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы мǝдениетті қалыптастыру арқылы жүзеге асуы тиіс. Теĸ осылай ғана біз зорлық-зомбылықтың жоюға бағытталған қоғам құра аламыз.


