Тәртіп бар жерде — қауіпсіз болашақ бар

ашық дереккөзден

 

«Заң мен тәртіп» ұғымын мен ең алдымен қауіпсіздікпен байланыстырамын. Адам өзінің көшеде, мектепте, жұмыста, қоғамдық көлікте немесе интернет кеңістігінде қауіпсіз екенін сезінсе, бұл — қоғамдағы тәртіптің маңызды көрсеткіші.

Тәртіп бір күнде қалыптаспайды. Ол күн сайын қайталанатын қарапайым әрекеттерден құралады. Мысалы, жүргізушінің жол ережесін сақтауы бір адамның ғана қауіпсіздігіне емес, жолдағы барлық адамның өміріне әсер етеді. Қоғамдық орында белгіленген тәртіпті сақтау да айналамыздағы адамдардың тыныштығын қамтамасыз етеді. Ал заң талаптарын орындау — мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершіліктің нақты көр ойлаймын. Өз құқығын білетін адам заңсыздыққа бейжай қарамайды, ал өз міндетін түсінетін азамат қоғамның тұрақтылығына үлес қосады. Сондықтан заң мен тәртіп тек полицияның немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес.

Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды деп ойлаймын. Өз құқығын білетін адам заңсыздыққа бейжай қарамайды, ал өз міндетін түсінетін азамат қоғамның тұрақтылығына үлес қосады. Сондықтан заң мен тәртіп тек полицияның немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл — бүкіл қоғамға ортақ құндылық.

 

Е.АЙБОЛАТҰЛЫ

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT