Қоғамның дамуы мен елдің тұрақтылығы заңның үстемдігіне тікелей байланысты. Заң мен тәртіп орнаған жерде адамдардың бір-біріне деген сенімі артып, өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан құқықтық тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес, әр азаматтың жауапкершілігі.
Меніңше, заңды білу қазіргі қоғамда аса маңызды. Өз құқығын білетін адам әділетсіздікке немқұрайлы қарамайды, ал өз міндетін түсінетін азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Осы екі ұстаным қатар қалыптасқанда ғана құқықтық мәдениеті жоғары қоғам құрылады.
Бүгінгі тәртіп – ертеңгі тұрақтылықтың негізі. Әр адам заңды құрметтеп, өзінен бастап тәртіп орнатса, қоғамдағы көптеген мәселенің алдын алуға болады.
Ж.БИСЕНБІҚЫЗЫ


