Тәртіп — күнделікті қарапайым әрекеттерден қалыптасады

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіпті сақтау дегенде көбіміз күрделі құқықтық мәселелерді елестетеміз. Алайда қоғамдық тәртіп ең алдымен қарапайым күнделікті әрекеттерден құралады. 

Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстау, кезекті бұзбау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, айналадағы адамдардың тыныштығын құрметтеу — осылардың барлығы заң мен тәртіптің өмірдегі нақты көріністері. Бір адамның тәртіпсіздігі ұсақ нәрсе болып көрінгенімен, мұндай әрекеттер көпшілік арасында қалыпты жағдайға айналса, қоғамға кері әсер етеді.

Керісінше, әр азамат өзінен бастап тәртіп сақтауға дағдыланса, бұл жалпы қоғамдық мәдениетті көтереді. Сондықтан «Заң және тәртіп» — тек мемлекеттік деңгейдегі талап емес, әр адамның күн сайын ұстанатын азаматтық ұстанымы болуы керек.

 

Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT