Қоғамның дамуын тек экономикалық жетістіктермен немесе жаңа технологиялармен өлшеу жеткіліксіз. Оның негізінде адамдардың бір-біріне деген құрметі, ортақ ережелерді сақтауы және жауапкершілігі тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, тәртіп — көзге көрінбейтінімен, қоғам өміріне тікелей әсер ететін маңызды күш.
Кейде тәртіпті тек тыйымдар мен шектеулер деп қабылдаймыз. Алайда шын мәнінде тәртіп адамның еркіндігін шектеу үшін емес, адамдардың бірге қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін қажет. Мысалы, кезекте өз орныңды сақтау, жол қозғалысы ережесін орындау немесе қоғамдық жерде тыныштық сақтау — қарапайым әрекеттер болғанымен, олардың артында өзгенің құқығын сыйлау мәдениеті жатыр.
Заң мен тәртіп қалыптасқан қоғамда әр адам өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан тәртіпті сырттан күтілетін талап емес, адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші ретінде қабылдауымыз керек. Қоғамның үлкен өзгерістері әр азаматтың кішкентай, бірақ жауапты әрекетінен басталады.
Д.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ



