Тәртіпті тек жаза немесе қатаң бақылау арқылы қалыптастыру мүмкін емес деп есептеймін. Нағыз тәртіп адамның ешкім бақылап тұрмаса да, дұрыс әрекет жасауынан көрінеді. Мысалы, жол ережесін сақтау, қоғамдық орында өзгелерге кедергі келтірмеу, кезекте тұру мәдениетін ұстану — азаматтық жауапкершіліктің қарапайым көріністері.
Егер әр адам ережені тек айыппұлдан қорыққандықтан емес, оның қоғамға пайдасын түсінгендіктен орындаса, қауіпсіздік деңгейі де артады. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы азаматтардың бойында осындай саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Тәртіпті қоғам — бір-бірінің қауіпсіздігі мен тыныштығын бағалайтын қоғам.
Н.ЕРБОЛҚЫЗЫ



