Тәртіп — табысты қоғамның негізі

ашық дереккөзден

 

Мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын қоғамдағы жауапкершілік пен әділдікті нығайтатын маңызды бағыт деп есептеймін. Тәртіп тек жазалау арқылы қалыптаспайды, ол адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінен басталады. 

Мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернет кеңістігінде әр адам белгілі бір ережелерді сақтауы тиіс. Әсіресе, кибербуллингке жол бермеу, жалған ақпарат таратпау және өзгенің ар-намысын құрметтеу қазіргі қоғам үшін өте маңызды.

Егер әр азамат өз әрекетіне жауап бере білсе, көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Нағыз тәртіп — біреудің бақылауынан қорқу емес, ешкім бақыламаса да дұрыс әрекет ету.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT