Тәртіп – тәрбиенің бастауы

ашық дереккөзден

 

Тәртіп – адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсететін маңызды қасиет. Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. 

Мысалы, жол ережесін орындау, қоғамдық орындарда әдеп сақтау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу – заң мен тәртіптің қарапайым көріністері. Менің ойымша, тәртіпті адам өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да құрметпен қарайды.

Заңды сақтау мен тәртіпті ұстану арқылы біз қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыра аламыз. Сондықтан әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті өзінен бастауы қажет.

 

А.АСЫЛАНҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT