Тәртіп бар жерде береке мен бірлік болады. Адамның күнделікті өміріндегі тәртіп оның мінезі мен жауапкершілігін көрсетеді. Мысалы, мектеп ережелерін сақтау, үлкендерді сыйлау, қоғамдық орындарда әдепті болу – тәртіптіліктің белгісі.
Менің пікірімше, әрбір адам өз ісіне жауап беріп, жасаған әрекетінің салдарын түсінуі керек. Заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын ала аламыз. Сондықтан тәртіпті болу тек талапты орындау емес, саналы азамат ретінде қалыптасудың маңызды шарты.
А.АМИРОВА



