Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заң – азаматтардың құқығын қорғап, олардың өзара қарым-қатынасын реттейтін басты құрал болса, тәртіп – сол заң талаптарының күнделікті өмірде орындалуының көрінісі.
Бүгінде заң мен тәртіп мәселесі әрбір азаматқа қатысты. Себебі қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы біз өзімізге де, келер ұрпаққа да сенімді болашақ қалыптастырамыз.
Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Өз құқығы мен міндетін білетін азамат заң бұзуға емес, заңды сақтауға ұмтылады. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтың азаюына, қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің артуына ықпал етеді.
Заң мен тәртіп – тек талаптар жиынтығы емес, ол әділдікке, жауапкершілікке және өзара құрметке негізделген өмір салты. Сондықтан әрбір адам заңды сақтауды азаматтық парызы деп түсініп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет.
Өйткені заңға бағынған елде береке бар, тәртіп орнаған жерде тұрақтылық пен даму бар. Ал мұндай қоғамды қалыптастыру әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады.
Аманжол Халидуллин,
Мұнайшы

