Тәртіпті қоғам — саналы ұрпақтың таңдауы

ашық дереккөзден

 

Менің пікірімше, қоғамдағы тәртіпті қалыптастыру үшін тек қатаң талаптар мен жазалау шаралары жеткіліксіз. Ең алдымен, адамдардың құқықтық санасы мен жауапкершілігін дамыту қажет. Әсіресе жастардың бойына адалдық, әділдік және өз ісіне жауап беру қасиеттерін сіңіру маңызды. 

Мектепте тәртіп сақтау, өзгенің еңбегін құрметтеу, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттер адамның азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Егер жас ұрпақ заңды сақтауды күнделікті әдетіне айналдырса, болашақта құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік туады.

Нағыз тәртіп адамның жанында бақылаушы болған кезде емес, ешкім көрмеген жағдайда да дұрыс әрекет етуінен байқалады. Демек, тәртіпті қоғам құру әр адамның саналы таңдауына байланысты.

 

Ж.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT