Тәртіпті қоғам — сенімге негізделген қоғам

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құндылықтар. Менің пікірімше, адамдар бір-біріне сенім артуы үшін әркім өз әрекетінің жауапкершілігін сезінуі қажет. Егер азаматтар заң талаптарын орындап, қоғамдық тәртіпті сақтаса, қоғамдағы түсініспеушілік пен құқық бұзушылық азаяды. 

Әсіресе жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда өзгелердің тыныштығын құрметтеу және өз міндеттерін адал орындау күнделікті өмірде үлкен маңызға ие. Тәртіп тек мемлекеттік бақылаумен қалыптаспайды, ол адамның ішкі мәдениеті мен саналы таңдауынан басталады. Сондықтан заңға бағыну әлсіздіктің емес, керісінше, азаматтық кемелділік пен жауапкершіліктің көрінісі деп есептеймін.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT