Тәртіпті полиция емес, сана қалыптастырады

сурет: ашық дереккөзден

 

Қоғамда тәртіп болуы үшін барлық жерде бақылаушы немесе полиция тұруы міндетті емес. Нағыз тәртіп адамның жанында ешкім болмаған кезде де заңды бұзбауынан көрінеді.

Мысалы, жолда бағдаршам қызыл жанғанда айналада көлік болмаса да тоқтау – камерадан немесе айыппұлдан қорыққандық емес, өз қауіпсіздігің мен өзгелердің өміріне деген құрмет. Біреудің затын рұқсатсыз алмау, кезекте өз орныңды сақтау, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу де дәл сондай қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер.

Меніңше, заң мен тәртіптің ең мықты күзетшісі – адамның өз ары мен санасы. Егер әр азамат заңды сыртқы бақылаусыз-ақ сақтай алса, онда біз тәртіпті қоғамның қалыптасқанын айта аламыз.

 

Е.ЖЕҢІСҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT