Цифрлық тазалық: экологиялық жауапкершіліктің жаңа бағыты

ашық дереккөзден

 

Қазіргі заманда тазалық ұғымын тек көшелер мен табиғи аумақтардың тазалығымен шектеуге болмайды. Менің пікірімше, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын цифрлық технологиялармен ұштастыру арқылы экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын дамытуға болады. 

Мысалы, арнайы мобильді қосымшалар арқылы заңсыз қоқыс төгілген орындарды хабарлау, ағаш отырғызу шараларын ұйымдастыру және тазалық жұмыстарының нәтижесін бақылау мүмкіндігі бар. 

Мұндай тәсілдер жастардың белсенділігін арттырып, қоғам мен жергілікті мекемелер арасындағы байланысты нығайтады. Технологияны тиімді пайдалану арқылы тазалық жұмыстары жүйелі әрі нәтижелі бола түседі. Сондықтан цифрлық мүмкіндіктер экологиялық мәдениетті дамытудың маңызды құралы деп есептеймін.

 

Б.МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT