Цифрлық технология – табиғатты қорғаудың жаңа құралы

сурет ғаламтордан

 

Қазіргі заманда экологияны қорғауда тек адам еңбегіне сүйену жеткіліксіз. «Таза Қазақстан» идеясын цифрлық технологиялармен ұштастырудың маңызы зор деп ойлаймын.

Мысалы, заңсыз қоқыс орындарын картаға түсіретін мобильді қосымшалар, ауа сапасын көрсететін датчиктер немесе су айдындарының жағдайын бақылайтын цифрлық жүйелер тұрғындардың экологиялық мәселелерге қатысуын арттыра алады.

Мұндай тәсіл мәселені анықтап қана қоймай, оның шешілу барысын бақылауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, азамат «тазалыққа жауапты адамды» іздемей, өзі де қоршаған ортаның жағдайын бақылауға қатыса алады. Осылайша технология экология мен қоғам арасындағы байланысты күшейтіп, «Таза Қазақстанды» заманауи азаматтық мәдениеттің бір бөлігіне айналдыра алады.

 

М.ҒҰБАШОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT