«Таза Қазақстан» бастамасының маңызы – адамдарды туған жеріне жанашырлықпен қарауға шақыруында. Қазақстанның әрбір қаласы мен ауылы таза, жасыл әрі көрікті болса, бұл елдің дамуы мен мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Тазалық пен тәртіпті сақтау қоғамның ортақ құндылығына айналуы тиіс.
Менің ойымша, үлкен өзгеріс әр адамның өзінен басталады. Бір тал егу, қоқысты арнайы жәшікке тастау немесе айналадағы табиғатты қорғау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ел болашағына қосылған үлес.
Бүгінгі ұрпақ табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза сақтауды әдетке айналдырса, келешек ұрпаққа көркейген Қазақстанды аманат ете аламыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» – жай ғана тазалық акциясы емес, туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі.
Ж.ҚЫЛЫШ


