Туған жердің тазалығы – ұлттың ортақ құндылығы

ашық дереккөзден

 

Табиғатты қорғау – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы осы міндетті жүзеге асыруға бағытталған ауқымды бастама ретінде еліміздің барлық өңірінде қолдау тауып келеді. Оның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза сақтау, экологиялық мәдениетті дамыту және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту.

Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады. Ол үшін үлкен мүмкіндік немесе арнайы жағдайдың қажеті жоқ. Қоқысты белгіленген жерге тастау, табиғатты ластамау, ағаш отырғызу, су мен электр энергиясын үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі маңызды. Осындай игі істердің нәтижесінде қоршаған орта жақсарып, қалаларымыз бен ауылдарымыз көркейе түседі. Таза табиғат – ұлт денсаулығының, елдің дамуының және келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Г.ТУЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT