Туған жерді сүю тек оның тарихын білу немесе жетістіктерін мақтан етумен шектелмейді. Нағыз отансүйгіштік өзің өмір сүріп жатқан ортаны қорғаудан және оның тазалығына үлес қосудан басталады. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы зор.
Көшені таза ұстау, табиғатты ластамау, ағашқа зиян келтірмеу, су көздерін қорғау – қарапайым көрінгенімен, елге деген құрметті білдіретін нақты әрекеттер. Әр азамат туған өлкесіне осындай жауапкершілікпен қараса, Қазақстанның қалалары мен ауылдары көркейе түседі.
Сондықтан табиғатты қорғауды Отанға қызмет етудің бір түрі деп қабылдауымыз керек.
Н.ЕРБОЛҚЫЗЫ


