Туған жерге жанашырлық – елге құрмет

 

Қасым-Жомарт Тоқаев: – Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзі – әрбір қазақстандыққа, әсіресе жастарға бағытталған маңызды үндеу деп ойлаймын. Расында да, Қазақстаннан басқа біздің Отанымыз жоқ, сондықтан елдің тазалығы мен дамуына әр азамат жауапкершілікпен қарауы қажет. Туған жерді көркейту тек мемлекетке немесе белгілі бір мекемелерге ғана байланысты емес, ол – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Президенттің заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құру туралы айтқаны өте орынды. Қоғамда әділдік пен тәртіп болса ғана мемлекет дамып, халықтың өмір сүру сапасы артады. Бүгінде елімізде жастарға көптеген мүмкіндіктер беріліп жатыр. Бұл – болашақ ұрпаққа деген үлкен сенімнің белгісі.

Маған әсіресе Мемлекет басшысының жастарға сенім артып, үлкен үміт білдіргені ұнады. Себебі жастар – елдің болашағы. Білімді, еңбекқор, отансүйгіш жастар көбейсе, Қазақстанның да болашағы жарқын болады деп сенемін. Сондықтан әр жас өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, ел дамуына үлес қосуға ұмтылуы керек.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT