Мемлекет басшысының ТМД-ны дамытудың 2035 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу туралы ұсынысы – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам.
Президент сөзінде экономикалық әріптестікпен қатар, халықтар достығы, тіл мен мәдениетті құрметтеу, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру мәселелеріне де ерекше мән берілді. Әсіресе, ТМД елдерінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларын біріктіретін «Алтын кітап қорын» құру бастамасы көңілге қуаныш ұялатады. Себебі кітап – ұлттар арасындағы рухани көпір, ал әдебиет – халықтың жан дүниесін, тарихы мен болмысын танытатын құндылық. Мұндай жоба жас ұрпақтың өзге елдердің мәдениетін тереңірек танып, ортақ рухани мұраны бағалауына жол ашады.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының сөзі ТМД елдерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жүйелі көзқарасты аңғартады. Экономикалық тиімділік пен рухани сабақтастықты қатар ұстану – тұрақты дамудың маңызды шарты. Елдер арасындағы достық нығайып, ортақ бастамалар нақты іске айналғанда ғана олардың игілігін қоғам сезінеді. Сондықтан бүгінгі міндет – ұсынылған бастамаларды қолдап қана қоймай, олардың өміршеңдігін қамтамасыз етуге үлес қосу.
С.ҚАЙЫР



