Заң бар жерде — жауапкершілік, тәртіп бар жерде — тұрақтылық

сурет ғаламтордан

 

Заң мен тәртіп — кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі тірегі. Қоғамда әр адамның құқығы қорғалып, міндеті нақты белгіленіп, заң талаптары сақталған кезде ғана адамдар өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезіне алады. Сондықтан заңға құрметпен қарау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын.

«Заң мен тәртіп» қағидаты адамның күнделікті өмірінен басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, мүлікке зиян келтірмеу — осының барлығы заңға деген құрметтің қарапайым көріністері. Кейде адамдар тәртіпті тек жазадан қорыққан кезде сақтау керек деп ойлайды. Бірақ шынайы құқықтық мәдениет адамның бақылаушы болмаған жағдайда да дұрыс әрекет етуінен байқалады.

Меніңше, заңды білу де, оны құрметтеу де жастар үшін аса маңызды. Өйткені жас ұрпақ — елдің болашағы. Өз құқығын білетін және өз міндетін түсінетін жас заңсыздыққа бейжай қарамайды. Ол әділетсіздікке қарсы тұрып, қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.

Қоғамдағы тәртіпті сақтау бір ғана адамның әрекетімен шектелмейді. Әр азамат өзінен бастап жауапкершілік танытса, қоғамдық орта да өзгереді. «Маған ешкім көріп тұрған жоқ» деген түсініктің орнына «Менің әрекетім қоғамға әсер етеді» деген ұстаным қалыптасуы қажет.

Заң мен тәртіп — қорқыныштың емес, әділеттіліктің негізі болуы керек. Заңды құрметтеген қоғамда адамдар бір-бірінің құқығын бағалайды, өзара сенім қалыптасады және мемлекет дамуына қолайлы орта пайда болады. Сондықтан заңға бағыну — тек міндет емес, өз еліңе деген азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

 

Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT