Заң мен тәртіп – жай ғана ережелер жиынтығы емес, ол қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Заңды құрметтеу – өз құқығыңды ғана емес, өзгенің де құқығын сыйлау. Ал тәртіп бар жерде жауапкершілік, сенім және қауіпсіздік қалыптасады.
Нағыз өркениетті қоғам – заңнан қорыққан емес, заңды құрметтеген адамдардан құрылады. Сондықтан әр адам тәртіпті өзгеден талап етпей, оны ең алдымен өзінен бастауы керек. Біздің бүгінгі жауапкершілігіміз – ертеңгі ұрпаққа қалдыратын қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі.
Д.НҰРЛЫБЕКҰЛЫ



