Кейде заңды тек тыйымдар мен жазалар жүйесі ретінде қабылдаймыз. Алайда заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы әділдік пен тәртіпті қамтамасыз ету. Сондықтан заңды білу және оны құрметтеу әр адам үшін маңызды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтарды жауапкершілікке шақыра отырып, қоғамда әділдік пен өзара құрметті қалыптастыруға бағытталған. Әрбір адам өз әрекетінің салдарын түсініп, құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысса, қауіпсіз орта қалыптасады.
Менің ойымша, заң – адамды шектейтін кедергі емес, керісінше оның құқығын қорғайтын сенімді қалқан. Заңға құрметпен қарау арқылы біз өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Тәртіп – талаптан емес, саналы жауапкершіліктен басталады.
Б.АХМЕТОВА



