Заң – қорқыныш емес, қорған

сурет: ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, заңды адамдар тек жазадан қорыққандықтан емес, оның қоғамға қажет екенін түсінгендіктен сақтауы керек. Заң – адамның еркіндігін шектейтін кедергі емес, керісінше, әр азаматтың құқығын қорғайтын қалқан.

Егер қоғамда әр адам «менің әрекетім басқа адамға қалай әсер етеді?» деп ойлай бастаса, тәртіпті сақтау әлдеқайда жеңіл болар еді. Көшеде ережені сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – заңның ең қарапайым көріністері.

Сондықтан заң мен тәртіпті мемлекеттің ғана талабы деп емес, өзара сыйластықтың ортақ ережесі деп қабылдауымыз қажет. Заң үстемдік құрған жерде әділдікке, ал әділдік бар жерде сенімге жол ашылады.

 

Ж.МЕЙРАМҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT