Заң мен тәртіп – ел болашағының кепілі

 

Бүгінгі таңда заңға бағыну – әр азаматтың басты міндеті. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, әрбір адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Тәртіпсіздік орын алған жерде береке болмайды, ал заң үстемдік құрған елде әрқашан даму мен өркендеу бар.

Осы орайда ауданымызда   “Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 18 жасқа толмаған жасөспірімдер анықталған болатын.

Аталған деректер бойынша ата-аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2 және 3-бөліктеріне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасақталды.

“Заң мен тәртіп” қағидасын өмірлік ұстанымымызға айналдыруымыз қажет. Себебі заңды сыйлаған қоғам – болашағы жарқын, бірлігі бекем қоғам.

 

Шарапиден Нұрхат Қуанышұлы, 
Исатай ауданы Полиция бөлімінің Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT