Заң мен тәртіп — тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның басты тірегі. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, заң талаптарын сақтауға жауапты болуы керек. Қоғамда тәртіп орнаса, адамдардың бір-біріне деген сенімі артып, әділдік пен қауіпсіздік қалыптасады. Сондықтан заңды сақтау — тек мемлекеттік органдардың емес, әр адамның міндеті.
Құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарау қоғамға кері әсер етеді. Жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, тәртіптілік сияқты қасиеттерді сіңіру арқылы ғана құқықтық мәдениетті қалыптастыра аламыз. Заңды құрметтеу — өзіңді және айналаңдағы адамдарды құрметтеу деген сөз.
Заңға бағынған қоғам — болашағы жарқын, қауіпсіз қоғам. Әрқайсымыз тәртіпті өзімізден бастасақ, ортақ қауіпсіздікке үлкен үлес қосамыз.
Ж.СЕМБИЕВА



