Заң мен тәртіп - қоғам тұрақтылығының негізі

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі негізі. Заңды құрметтеу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы керек. Өз құқығын білетін және өзгенің құқығын құрметтейтін қоғамда қауіпсіздік те, өзара сенім де жоғары болады.

Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау ең алдымен адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қоғамдық орында тәртіп сақтау, жол ережесін бұзбау, өзгенің құқығына зиян келтірмеу – қарапайым әрекеттер болғанымен, олардың қоғам үшін маңызы зор. Құқық бұзушылықтың алдын алу жазалаудан бұрын жүргізілсе, оның нәтижесі де тиімді болады. Қазақстанда да профилактикаға, яғни құқық бұзушылықтың себептерін ерте анықтап, алдын алуға басымдық беріліп отыр.

Сондықтан заңға бағыну – қорқыныштан емес, азаматтық санадан туатын қасиет деп ойлаймын. Заң үстемдік құрған жерде әділдік пен қауіпсіздік те берік болады.

 

С.ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT